×

Ақмола облысында қайғылы жағдай болды: 1 адам көз жұмды

27 жастағы көлік жүргізушісінің әйелі алған дене жарақтынан көз жұмды

 Халық үні 24.08.2023 | 22:09
фото: zakon.kz

Ақмола облысының Шортанды ауданында елікке соғылған жеңіл көлік аударылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 23 тамыза сағат 22:00 шамасында «Пригородное-Жолымбет» автожолының 37 шақырымында болған. Шортанды кентінен Бектау ауылына бағыт алған 29 жастағы ер адам жүргізген «Lada Priora» көлігі жолдың үстіне шауып шыққан елікпен соқтығысқан.

«Соның салдарынан көлік аударылып, 27 жастағы жолаушы (көлік жүргізушісінің әйелі) алған дене жарақтынан көз жұмды. Көлікте болған 2 жасар қыз бала зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.

Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама