×

Елордада 19 жастағы жігіт супермаркеттен 4 бума жөргек ұрлап кеткен

Ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған

 Дәурен Ерболат 23.08.2023 | 12:27
Фото: polisia.kz

Астанада жас жігіт дүкеннен балаларға арналған жөргек ұрлады, деп хабарлады Polisia.kz.

Байқоңыр ауданы ПБ-ның тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған 19 жастағы елордалықты ұстады.

Тергеу барысында жас жігіттің кешкі сағат 17:30 шамасында Иманов көшесіндегі супермаркетке барғаны анықталды.

Дүкенде сатушының жоғын пайдаланып, сөреден 4 бума жөргек ұрлап, ғимараттың артқы есігінен шығып кеткен. Алайда оның ұрлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жас жігіт жөргектерді көшеде өтіп бара жатқан адамдарға сатқан.

Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, жігіт кінәсін мойындады. Бүгінде оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама