×

Жамаубаев қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің неге өте алмай тұрғанын айтты

Кезекте 400-ге жуық көлік бар

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 17:58
Фото: inbusiness.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелесіне түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысынан шыққан министрден БАҚ өкілдері Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері неге өте алмай тұрғанын сұрады.

Ол жерде кеден жоқ. Себебі ол ЕАЭО-ның ішкі шекарасы болып саналады. Менің білуімше, онда есірткіні тәркілеу операциясы ұйымдастырылған. Қазір шекара қызметі мен ҰҚК тыңғылықты тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетсек, кеше қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде көлік кептелісі пайда болған еді.

Қырғызстан ҰҚК шекара қызметінің мәліметінше, 21 тамыздағы жағдай бойынша Қырғызстан шекарасынан өтуге кезекте 370-ке жуық көлік тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама