×

Ішкі нарық жұмыртқамен толық қамтамасыз етілді – АШМ

Өсім бір жылда 4,4% болды

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 17:29
Фото: kazpravda.kz

Қазақстанда құс еті көбірек өндіріле бастады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүгінде елімізде 69 құс фабрикасы (34 жұмыртқа және 29 ет бағытында, 6 асыл тұқымды) жұмыс істейді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықтардың барлық санатындағы құс етін өндіру көлемі 288,7 мың тонна болды. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 5,9% артық. 5,1 млрд дана тауық жұмыртқасы шығарылды, бұл – былтырғы көрсеткіштен 4,4% жоғары.

Құс фабрикалары өндірген жұмыртқаның үлесі – 75,3%, жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесі – 24,6%. Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 101% болды.

Биыл бірінші жартыжылдықта шаруашылықтың барлық санатында 165,2 мың тонна (+14,4%) құс еті өндірілді әрі шамамен 2,4 млрд дана (-1,8%) тауық жұмыртқасы шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама