×

Астананың бас жоспары жобасын талқылау ісіне қала тұрғындары түгел қатыса алады

Бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізіледі

 Халық үні 22.08.2023 | 11:30
фото: дереккөз

Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп, қала тұрғындарын 2035 жылға дейін Астана Бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыру ісіне шақырды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы, Ә. Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бұл ретте бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізілетін болады.

Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен халықты кеңінен қамту үшін елорда аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.

2023 жылғы 22 тамыз:

  • Сағат 17:00 – Сарыарқа ауданы, Ә. Мәмбетова көшесі, 22.

2023 жылғы 23 тамыз:

  • Сағат 11:00 – Байқоңыр ауданы, М. Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп-гимназиясы мекенжайы бойынша;
  • Сағат 15:00 – Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі, 20, №86 мектеп-гимназиясы.

2023 жылғы 24 тамыз:

  • Сағат 10:00 -–Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
  • Сағат 15:00 – Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.

25 тамызда Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша «Жастар» сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді. Басталуы – сағат 10:00-де.

Жобаға қатысты ұсыныстар мен ескертулерді smgp@astanagenplan.org.kz электронды поштасына жіберуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама