×

Солтүстік Қазақстан облысында егін ору науқаны басталды

Биыл бұл өңірдегі 4,5 млн гектар алқапқа тұқым себілген

 Еркеғали Болатұлы 21.08.2023 | 15:48
фото: plodogorod.com

СҚО ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеңілдетілген бағамен 60 мың тонна дизель отыны бөлініп отыр. Ал бидай түсімі – жылдағы орта көрсеткішке сай, гектарынан 15 центнер.

Биыл бұл өңірдегі 4,5 млн гектар алқапқа тұқым себілген болатын. Оның 3,2 миллионы – дәнді, 960 мың гектары – майлы дақылдар. Сонымен қатар жем-шөп, картоп пен көкөністің басқа да түрлері егілген.

Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, қазір астық сақтайтын қоймалар жаңа өнімді қабылдауға әзір.

Егін орағына 13 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Оның 2 мыңы биыл сатып алынды. Жылдың соңына дейін алынған техниканың көлемі 2,5 мыңға дейін өсетін болады. Астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы облыста өндірілетін астықты сақтауды толығымен қамтамасыз етеді, - дейді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама