×

«45 градус ыстық»: Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан» шахтасына қатысты соңғы мәліметті жариялады

«Қазақстан» шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасуда

 Халық үні 20.08.2023 | 23:45
Фото: freepik.com

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан» шахтасына қатысты соңғы ақпараттарды бөлісті. Бұл туралы министрліктің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

«Қазақстан» шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіруде. Шахтадағы температура 45 С° құрайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақста» шахтасында өрт болып, бес адам көз жұмды.

Аталған ұйым өрт кезінде қайтыс болған бес кеншінің аты-жөнін жариялады.

Сондай-ақ компания 20 тамызды аза тұту күні деп жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама