×

Балқашта 9 адам қайғылы жағдайда қаза тапты

9 адам оқиға орнында қайтыс болды.

 Халық үні 20.08.2023 | 20:18
ашық дереккөзден

 Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды polisia.kz.

19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш – Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама