×

11 млрд теңгеге салынған: Ақсудағы жаңа қазандық жылу маусымына дайын емес

Орнатылған қазандық жабдықтары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2023 | 14:50
фото: дереккөз

Павлодар облысының Ақсу қаласында 11 млрд теңгеге салынған қазандық жылу маусымына дайын емес. Cебебі, бұрын анықталған кемшіліктерді мердігер ұйым қалпына келтірмеген. Бұл туралы «Хабар 24.kz» телеарнасы хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, орнатылған қазандық жабдықтары жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді. Осылайша, қазандық биыл орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылмайтын болды.

Бір ай бұрын біз мердігер ұйымның басшылығымен кездестік. Өкінішке қарай, жағдай мүлде өзгерген жоқ. Бүгінде бұл өзекті мәселенің екі шешімі бар. Олар жабдықты жақын арада тиісті жобаға ауыстырады немесе біз ЖСҚ-ны қайта түзетіп, мемлекеттік сараптамаға шығаруымыз керек, - деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Әкімдік Ақсу ферроқорытпа зауытының ескі қазандығы жөндеу жұмыстарынан кейін бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз ете алатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама