×

Павлодарда иттер сотталғандарға психологиялық көмек көрсетті

Жазасын өтеушілер уақытын пайдалы өткізгеніне қуанышты

 Дәурен Ерболат 20.08.2023 | 10:49
Фото: polisia.kz

Павлодардағы №45 түзету мекемесінде иттер сотталғандарға психологиялық көмек көрсетті, деп хабарлады Polisia.kz

Павлодар облыстық ҚАЖД-ға қарасты №45 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға психологиялық қолдау күнін өткізді. Колонияға хаски мен малинуа иттері әкелінді.

Біз іс-шараны ұйымдастыру үшін Павлодардағы шана иттері федарациясының өкілдеріне хабарластық. Олар бізге қолдау көрсетті. Ең алдымен сотталғандарға психологиялық қолдау көрсетуді ойладық. Олар уақытын пайдалы өткізді деген үміттеміз, - деді №45 мекемесінің тәрбие-ісі бойынша орынбасары Нұрлан Тойғанбаев.

Алексей атты сотталушы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

«Осындай ерекше дайындық үшін мекеме ұжымына алғысымыз шексіз. Өзімді еркіндікте жүргендей сезіндім. Үйімде мені питбуль күтіп отыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама