×

Бидайды автомобиль және темір жол көліктерімен әкелуге тыйым салынады

Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі

 Динара Амантай 18.08.2023 | 14:56
Фото: catherineasquithgallery.com

Бидайды автомобиль және темір жол көліктерімен әкелуге тыйым салынады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан жарты жылға бидайды үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен әкелуге тыйым салуды, сондай-ақ бидайды автомобиль көлігімен әкелуге салынған тыйымды тағы 6 айға ұзартуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, бидайды теміржол көлігімен тек лицензияланған элеваторларға, астық өңдеушілерге және құс шаруашылығы кәсіпорындарына ғана әкелу мүмкін болады.

Жоба АШМ интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама