×

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

Қазір азаматты экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

 Динара Амантай 18.08.2023 | 14:48
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Қорған облысы бойынша Қорған қаласының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 190-бабының 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Анықталғандай, күдікті 2018 жылы Астана қаласында бір топ азаматпен бірлесіп, алдын ала жеткізуші ретінде тендерлерге қатысушы болып, жұрттың сеніміне кірген. Кейін тиісті өнімдерді жеткізуші ретінде келіскен шартты бұзып, аталған өнімдерді заңсыз иемденіп алғаны анықталған.

Алаяқтар алдау арқылы 39 миллион теңгеден аса материалдық шығын келтірген. Оның сыбайластары бұрын қамауға алынған болатын.

Аталған факті бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір Минск конвенциясына сәйкес, бұл азаматты экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама