×

Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің экс-басшысы 288 млн теңгенің мүлкін ұрлаған

Күдікті жалған анықтама беріп, тергеуді жаңылыстырған

 Динара Амантай 18.08.2023 | 10:58
Фото: Halyq Uni

Жезқазғанда мемлекеттік мекеменің экс-басшысы 288 млн теңгенің мүлкін ұрлаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласында 13 мың метрден астам құбырдың ұрлығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысының бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Ұрлық фактісін әшкерелеу кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған. Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған, – делінген ҚМА хабарламасында.

Айта кетсек, қазір аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама