×

Астанада тіркелген компания АҚШ санкциясына ілікті

Компания иесі 2020 жылы Қазақстаннан кетіп қалған

 Халық үні 17.08.2023 | 16:14
photo © Stan Honda / AFP

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Defence Engineering» компаниясын АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) SDN санкциялар тізіміне енгізгенін хабарлайды.

Кәсіпорын Астанада тіркелген. Компания қазір жұмыс істемейді. ҚР Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, компанияның қызметі 2021 жылдың 14 ақпанынан бастап тоқтатылған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, аталған кәсіпорынға ерекше тауарларды өткізуге лицензия, рұқсат берілмеген.

Біз компанияның санкциялар тізіміне енгізілуін Қазақстанның резиденті болып табылмайтын – оның иесі Ашот Мкртычевтің АҚШ санкциясында болуымен байланыстырамыз. Компанияның санкциялар тізіміне енгізілуі техникалық сипаттағы жәйт, - деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Компания иесі 2020 жылдың 7 наурызда Қазақстаннан кетіп қалған. Одан кейін елге келмеген.

«Defence Engineering» компаниясынан бөлек, оның басқа юрисдикцияларда тіркелген екі компаниясы да санкцияға іліккен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама