×

Ресей мен КХДР арасында қару сатпақ болған қазақстандық компания санкцияға ілікті

АҚШ-та оған қатысты барлық мүлік бұғатталды

 Еркеғали Болатұлы 17.08.2023 | 10:10
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық компания «КХДР-мен байланысы үшін» санкцияға ілікті, деп хабарлады АҚШ Қаржы министрлігі.

Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей мен КХДР арасында қару сату бойынша мәмілені қолдауға тырысқан, санкциялардан жалтару желісімен байланысты үш ұйымға қатысты санкция енгізді, - делінген хабарламада.

Үш фирманың Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бары айтылған. Ол наурыз айында солтүстіккореялық шенеуніктермен Ресейге азаматтық ұшақтар, шикізат және өзге де тауарларға айырбас ретінде «қару-жарақ пен оқ-дәрінің 20 шақты түрін жеткізуге» уағдаласқаны үшін санкцияға іліккен.

Санкциялық тізім қазақстандық Defense Engineering ЖШС, сондай-ақ ресейлік «Верус» ЖШҚ және словакиялық Versor компаниясымен толықты.

Әдетте Қаржы министрлігі тарапынан салынған санкция АҚШ юрисдикциясындағы активтердің бұғатталғанын білдіреді.

«Жоғарыда аталған тұлғалардың Құрама Штаттардағы немесе оның иелігіндегі, не АҚШ адамдарының бақылауындағы барлық мүлкі бұғатталған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама