×

«Зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетіледі»: министрлік мәлімедеме жасады

Үкімет тарапынан тиісті қаулы қабылданған жоқ

 Динара Амантай 17.08.2023 | 09:27
Фото: life09.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Үкімет қаулысымен барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетілетіні жөнінде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті, бұл – жалған ақпарат. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл көмекке «Тұрғын үй көмегін тағайындау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы құжаттарды тапсыруға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама