×

«Жігітпен кездесуге барған қыз есінен танып қалған»: 33 жастағы елордалық ұсталды

Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған

 Халық үні 16.08.2023 | 23:13
Фото: Pixabay

Полицияға жас қыз арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан, – деп хабарлады Polisia.kz.

Тергеу кезінде қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар жүзбе-жүз кездескен.

Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама