×

Жылдық инфляция жоғары өңірлер аталды

Барлық өңірде инфляция бәсеңдеді

 Дәурен Ерболат 16.08.2023 | 17:46
Фото: Halyq Uni

Ұлттық банк Қазақстандағы инфляциялық процесс туралы деректерді жариялады.

Биыл шілдеде жылдық инфляция баяулап, 14,0% болды (маусымда – 14,6%). Барлық 20 өңірде көрсеткіш бәсеңдеді.   

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні – Астанада, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 13,5%-ға дейін (маусымда – 14,6%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,9%) барынша тез, ал Атырау облысында (11,3%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 15,0%-ға дейін баяулады (маусымда – 15,8%). Ең жоғары мәні Астана қаласында (19,6%), ең төмен мән Ұлытау облысында (11,6%) тіркелді.

Шілдеде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,6%-ға дейін өсті (маусымда – 13,3%). Жалпы республикалық деңгейден баға Ұлытау облысында (17,5%) біршама тез, Абай облысында (10,1%) айтарлықтай баяу өсті.

Биыл шілдеде елімізде айлық инфляция 0,6% болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама