×

Роналду қазақстандық екі азаматтың Instagram-дағы парақшасына жазылған

Instagram-дағы оқырман саны бойынша Роналдудан кейін Лионель Месси мен Селена Гомес тұр

 Еркеғали Болатұлы 16.08.2023 | 14:41
фото: emilia-spanish.ru

Криштиану Роналду Instagram желісінде 600 миллион оқырман жинап, өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ ол екі қазақстандықтың желідегі парақшасына жазылған.

Оның өзі де бірқатар өнер және спорт жұлдыздарынан тұратын 566 аккаунтқа жазылған. Олардың ішінде екі қазақстандық та бар. Атап айтқанда, Криштиану Роналду даңқты боксшы Геннадий Головкин мен 15 жастағы ерекше бала Әли Тұрғынбековке жазылған. Бір қызығы, Головкиннің өзі Роналдуға жазылмаған.

Еске сала кетсек, дамуында ерекшелігі бар Әли мен Роналду 2019 жылы Хабиб Нурмогамедовтің мұрындық болуымен танысқан еді.

Қазір Instagram желісіндегі оқырман саны бойынша Роналдудан кейінгі 2-орында Лионель Месси (482 миллион), 3-орында Селена Гомес (417 миллион) тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама