×

«Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд теңге айыппұл салынды

Заң бұзушылықты Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы анықтаған

 Еркеғали Болатұлы 16.08.2023 | 10:46
фото: ашық дереккөз

Түрлі экологиялық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін «Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Атырау облысы бойынша экология департаменті.

2023 жылы Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға экологиялық эмиссияларды рұқсатсыз шығарғанын, рұқсат етілген нормативтерден асырып жібергенін және жерді бүлдіргенін анықтап, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынды, - деп жазылған хабарламада.

Осыған орай, Атырау облысы бойынша экология департаменті «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328 және 337-баптары бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасап, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолдады.

Жылыой аудандық сотында жоғарыда аталған істер біріктіріле қаралып, нәтижесінде «Теңізшевройл» ЖШС-не жалпы сомасы 2,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама