×

Ата-анасынан айырылған студенттердің жатақханада тұру шығындары өтеледі

Биыл барлығы 7 145 адам өтемақы алады

 Халық үні 15.08.2023 | 21:21
фото: ашық дереккөзден

Елімізде биылдан бастап ата-анасынан айырылған студенттер жатақханада тегін тұрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттары үшін еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алу кезінде жатақханада тұру шығыстары үшін өтемақы төлеу көзделген, - делінген хабарламада. 

Жатақханаларда тұру шығыстары үшін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Биыл барлығы 7 145 адам өтемақы алады.

Олардың ішінде 4 651 жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер. 2 494 мүгедектігі бар, бала кезінен мүгедек адамдар, мүгедектігі бар балалар бар.

Өтемақы осы жылдың қыркүйегінен бастап беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама