×

Омар Жәлел екінші рет «Құдаймен байланысқа» шықты

Бұған дейін де әлеуметтік желіде Омар Жәлелдің қыз-келіншектермен билеп жүргені қызу талқыға түскен болатын

 Халық үні 15.08.2023 | 08:23
Фото: видеодан алынды

Би – құдаймен байланысқа шығу деген абайтанушы Омар Жәлелдің әлеуметтік желіде екінші рет билеген видеосы тарады.

Бұған дейін де әлеуметтік желіде абайтанушы, қазақтың биі Омар Жәлелдің қыздармен билеп жүргені қызу талқыға түскен болатын. Оған Омар би былай жауап берді.

«Менің осында билеген биімді Мансұр деген жігіт TikTok желісіне жүктеген екен. Содан интернеттің бәрі шулап кетті. «Бас биіміздің түрін қара?», «Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көрсе жүрегі жарылып өлер еді» деген пікірлер айтылып жатыр. Сонда адам билеуге болмай ма?, Конституцияда тыйым салынбаған, салт-дәстүрде шектеу қойылмаған. Атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақтарда бұрын сал-серілердің бәрі билеген. «Аққу», «Құс биі», «Бүркіт биі» деген билер болған. Қазір біз өз надандығымыздан биді жоққа шығарып тұрмыз. Би – құдаймен байланысқа шығ»у, - деді Омар Жәлел.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама