×

Абай облысында қайғылы жағдай болды

 

Жол апатынан бір адам мерт болған

 Халық үні 15.08.2023 | 06:31
фото: zakon.kz

Жол апатынан тағы бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды polisia.kz.

14 тамызда сағат 05:38 шамасында Toyota Land Cruiser жүргізушісі Таскескен - Бақты тас жолынан 200 метр қашықтықтағы Ақжар ауылында Абылайхан даңғылы арқылы жүріп келе жатып, VANHOOl жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Toyota жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама