×

СҚО-да жойқын жел: шатырлар ұшып, ағаштар құлады

Өңірдегі ауа райы әлі бірнеше күн құбылмалы болуы мүмкін

 Самат Жақып 06.05.2022 | 17:50
фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында жедел әрекет ету қызметі күшейтілген режимге көшті. Себебі өңірде түс ауа қатты жел тұрып, кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетті. Дауыл салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры ұшты.

Петропавлда сауда орталықтарының бірінің жанында үйеңкі ағашы құлап, бірнеше көлікке зақым келген. Мұнымен қоса аймақтағы бірнеше ауданда шаңды дауыл көтеріліп, кей елді мекендер жарықсыз қалды.

Метеорологтардың мәліметінше, Солтүстік Қазақстан қазір Ресейдің еуропалық бөлігінен келген солтүстік-батыс циклонның ықпалында. Құбылмалы ауа райы әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін.

«Петропавлмен Тайынша қаласында желдің екіпіні секундына 28 метрді құрады. Тимирязев ауданында - 26 метр, Благовещенка және Возвышенка ауылдарында 23 метрге дейін жетті. 7 мамырға қараған түні кей жерлерде ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Сондай-ақ жауын-шашын күтілуде», - деді «Қазгидромет» мекемесінің СҚО филиалының инженері Роман Гиричев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама