×

Астанада Мұңайтпасов атындағы стадион сүрілетін болды

Ғимарат тұрғындарға қауіп төндіреді

 Дәурен Ерболат 14.08.2023 | 13:30
Фото: Halyq Uni

Елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион сүріліп, оның орнынан жаңа нысан салынады. Бұл туралы Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр жүргізілген техникалық сараптамаға сәйкес, қазіргі стадион трибунасының апатты жағдайда екені нақтыланды.

Құрылыс конструкцияларының тозуынан нысан адамдар үшін қауіпсіз емес. Сондықтан қазір Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионды бұзып, жаңа стадион салу жоспарланып отыр, - деді басшы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Самат Жылқыбаев құрылыс басқармасы жобалау-сметалық құжаттарды дайындап жатқанын атап өтті.

«Жоспарланған стадион УЕФА-3 стандарты бойынша салынады. Оның сыйымдылығы 4,5 мың адамды қамтиды. Жобалау-сметалық құжаттама аяқталуға жақындады. Жоба аясында сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланады. Онда нормативтік құрылыс мерзімі 18-24 айдан кем болмайды. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама