×

Алматы тауларында сел жүруі мүмкін

Тұрғындарға тауға шықпау керектігі ескертілді

 Халық үні 13.08.2023 | 14:10
Фото: istockphoto.com

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

«Қазгидромет» РМК-ның 2023 жылғы 10 тамыздағы 10 тамыз сағат 21:00-ден 13 тамыз 21:00-ге дейінгі аралықтағы дауылды ескертуі негізінде. 12-13 тамызда Алматы облысының тау бөктері мен таулы аймақтарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. 11-13 тамыз күні облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа қарай ауысады, облыстың солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарында 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с», – деп хабарлайды департамент.

11 тамызда Алматы облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қонаев қаласы: 12 тамыз күні уақытара найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама