×

«Бешикташ» Зайнутдиновпен келісімге келді

Түркияның клубы футболшыны Мәскеудің ЦСКА-сынан 4 млн еуроға алды

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2023 | 16:18
Фото: ашық дереккөз

Түркияның «Бешикташ» клубы Ресейдің ЦСКА командасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен келісімге келді.

Sports Digitale-тің хабарлауынша, қазір ресейлік және түркиялық клуб арасында келіссөз болып жатыр. Ресейлік клуб «Бешикташтың» Зайнутдиновтың трансфері үшін сұраған бастапқы сомасын 4 млн еуроға дейін түсірді. 

«Бешикташ» Зайнутдиновтың трансфері үшін ЦСКА-ға 3 млн еуро және тағы осыншама еуро бонус ретінде ұсынған. Мәскеулік клуб бірден қолма-қол 6,5 млн еуро сұрап отыр. 

Sabah агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркияның клубы ЦСКА-ның сұраған ақшасына келіспей, футболшыны 4 млн еуроға сатып алған. Енді Зайнутдинов келісімшарт бойынша «Бешикташтың» құрамында 4 футбол маусымын ойнайды.

25 жастағы футболшының ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы «Ростов» клубынан 2 млн еуроға сатып алынған.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама