×

Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартидің жұмысын бағалады

Британиялық кеңесшінің ұсыныстары қолдау тапты

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2023 | 12:02
Фото: Ақорда

Кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.

Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама