×

Қазақстанның 4 облысында 42 градусқа дейін ыстық болады

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында 40-42°С қатты ыстық сақталады

 Халық үні 10.08.2023 | 21:05
Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 11 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыста, солтүстікте, орталықта, шығыста бұршақ, дауыл күтіледі. ҚР-ның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел болжанады. ҚР солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында 40-42°С қатты ыстық сақталады. күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-39°с қатты ыстық сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, Түркістанның солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Алматы облысының  солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде,  орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында,  солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде,батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама