×

Елімізде Абай атындағы 100-ге жуық мектеп бар

Сондай-ақ ұлы ақынның аты 1,5 мыңға жуық көшеге берілген

 Еркеғали Болатұлы 10.08.2023 | 16:51
фото: ашық дереккөз

Елімізде хәкім Абай Құнанбаев атындағы 100-ге жуық мектеп бар. Сонымен қатар, ақынның 30-дан астам мүсіні мен ескерткіші орнатылған.

Бір облыс, үш аудан, бір қала, бірқатар ауыл округтері Абай есімімен аталады. Сондай-ақ ұлы ақынның аты 1,5 мыңға жуық көшеге берілген.

Тұтас бір дәуірдің кемеңгері, қазақтың бас ақынына деген құрмет өзге мемлекеттерде де ерекше. Мысалы, Баку, Нью-Дели, Париж, Бейжің, Ренн, Сеул, Тегеран және өзге де қалаларда Абайдың мүсіні мен ескерткіші бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама