×

Жаңбыр, дауыл: бүгін ауа райы қандай болады

Батыста түнде және таңертең тұман түседі

 Халық үні 10.08.2023 | 08:37
фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік циклонмен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады.

ҚР батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады. Батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-42°С қатты ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақаталады.

Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу, Абай облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтобе облысының орталығында, оңтүстігінде, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама