×

«Әйелдер вагонына ерлер де билет сатып алып жатыр» - журналист

Ол ерлердің әйелдер вагонына жайғасуына билет сатып алудың жаңа жүйесі кінәлі деп болжады

 Еркеғали Болатұлы 09.08.2023 | 18:02
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда вагондардың толуына байланысты ер адамдар әйелдерге арналған орындарға орналаса алады. Жақын туыстары әйелдерге арналған вагоннан билет алып жатқан кезде ол жерден ерлерге де орын беретінін журналист Самат Каримов байқаған.

Енді ол ерлердің әйелдер вагонына жайғасуына билет сатып алудың жаңа жүйесі кінәлі деп болжап отыр. Айтуынша, қазақстандықтар билетті неғұрлым ерте сатып алатын болса, соғұрлым арзанырақ болатын көрінеді. Сол себепті, жолаушылар бір ай бойы орындардың бар-жоғын қадағалап отыруы керек.

Тексеріс басталды. Қолыма билетімді ұстап тұрдым. Жолсерік билеті жоқ жолаушыларға қожайыны әлі мінбеген вагондардан орын тауып берді, - дейді журналист.

Алайда ҚТЖ мұндай фактілердің тіркелмегенін алға тартып отыр.

Әйелдерді тасымалдау түсінігі нақты реттелген және 7 жасқа дейінгі ұл балаларды қоспағанда, ер адамдарға рұқсат етілмейді, - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, әйелдерге қарсы жасалған қорлау және зорлық-зомбылық әрекеттерінен кейін 2021 жылы оларға арнайы вагондар ашылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама