×

Жыл басынан бері елімізде 30 мыңға жуық балаға арналған балабақшалар ашылды

Биыл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасы енгізіліп жатыр

 Динара Амантай 07.08.2023 | 12:24
Фото: qazaqjoly.kz

Жыл басынан бері елімізде 29 мың 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева баяндады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Департамент директорының айтуынша, білім беру мекемелерінің 3-еуі – мемлекеттік, 304-і – жеке балабақша.

Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі 2 есе төмендеді. 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 орын ашу жоспарланып отыр. Сол арқылы халықтың мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігінің 70 пайыздан астамын қамту қажет. Қазір мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын басты талап – санға емес, сапаға жұмыс істеу. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады. Сондай-ақ 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзыреттілік орталықтары» тұрақты негізде жұмыс істейді,  – деді Наталья Жұмаділдаева.

Бұған қоса, деапртамент басшысы соңғы 4 жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25% өскенін атап өтті. Айтуынша, биыл қыркүйекте жалақы тағы да 30% көтеріледі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу іске асады. Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етіп, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама