×

Алматыдағы өртте көмекке келген Түркия азаматын консулдық марапаттады

Оның есімінің Шүкүр емес, Шүкрү екені анықталды

 Ербол Тұрымбет 06.08.2023 | 11:30
фото: дереккөз

Алматыда «Ақкент» шағын ауданындағы өрт кезінде анасын 3 баласымен құтқаруға көмектескен электрикті түрік бас консулдығы алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ оның есімі Шүкүр емес, Шүкрү болып шықты.

Бұған дейін өрт кезінде қолғабыс еткен осы азамат жөніндегі видео тараған болатын. Ол өз сөзінде 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсіргенін айтып берген еді.

Айта кетейік, сол өрт салдарынан 1 адам көз жұмды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 80, оның ішінде 35 адамды арнайы құтқару бас киімінің көмегімен құтқарып қалған.

Жалпы өрт сөндіру жұмыстары 1,5 сағатқа созылған. Соңғы мәлімет бойынша, 5 адам медициналық мекемелерде стационарлық ем шараларын қабылдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама