×

Асу Алмабаев UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады (ВИДЕО)

Қарсыласы – америкалық файтер Ауди Осборн

 Еркеғали Болатұлы 06.08.2023 | 10:10
фото: meta-ratings.kz

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев UFC-де дебют жасап, әлемдік промоушен UFC on ESPN 50 турнирін сенімді жеңіспен бастады.

Асу Алмабаев жеңіл салмақ дәрежесінде UFC жетекшілігімен өткен алғашқы жекпе-жегін америкалық файтер Ауди Осборнға қарсы өткізді. Бұл ретте ол қарсыласынан бірден басым түсті.

Бірінші раундта партердегі жағдайды бақылап, соңында қарсыласын тұншықтырып, жеңіске бір қадам жақындады. Екінші раундта да тұншықтырып ұстайтын тәсілін қайта қолданды. Бұл жолы Осборн ешқандай әрекет жасай алмады.

Осылайша, Асу Алмабаев UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама