×

Елена Рыбакина үздік үштіктен шығып қалғалы тұр

Ол Уимблдондағы өнерінен кейін WTA турнирлеріне әлі қатысқан жоқ

 Еркеғали Болатұлы 06.08.2023 | 09:20
фото: ашық дереккөз

Америкалық 29 жастағы теннисші Джессика Пегула Вашингтонда (АҚШ) өткен WTA-500 турниріндегі көрсеткен нәтижесі арқылы WTA рейтингінің үздік үштігіне оралады.

Ол енді 2022 жылғы Уимблдон чемпионы, қазақстандық Елена Рыбакинаны үшінші орыннан жылжытады. Қазір Рыбакина 5 465 рейтингтік ұпаймен үшінші орында тұр, ал Пегула 5395 ұпайға ие.

Бұған дейін Пегула 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаны 4:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтып, Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Ал жарыстың финалына шығу үшін ол Грекия өкілі Мария Саккаримен ойнайды.

Айта кетейік, Рыбакина Уимблдондағы өнерінен кейін WTA турнирлеріне әлі қатысқан жоқ. Ол қазір Монреальда (Канада) өтетін WTA-1000 жарысына қатысуға дайындалып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама