×

Іле Алатауы тауларында шетел азаматтары құтқарылды (ВИДЕО)

Польшадан келген туристер «Медеу» спорт кешеніне жеткізілді

 Дастан Жұмабекұлы 04.08.2023 | 13:29
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Кеше 112 пультіне Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыптылар Башут шыңынан өз бетінше түсе алмайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Зардап шеккендерді іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.

Польшаның екі азаматы, 1987 жылы туған әйел адам мен 1983 жылы туған ер адам құтқарылды. Туристер «Медеу» спорт кешеніне дейін жеткізілді.

Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама