×

Оралда ер адам туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды

 Халық үні 03.08.2023 | 20:48
фото: polisia.kz

Орал қаласында тұратын 60 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен оның өз ұлы ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 шілде күні сағат 12:56 шамасында БҚО ПД кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан үйдің есік алдында иесінің денесі жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды. Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі - отбасылық-тұрмыстық жанжал. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама