×

Чемпиондар лигасы: «Астана» іріктеу турнирінде жеңіліп қалды

Енді елордалық команда UEFA Еуропа лигасында 10 және 17 тамызда Болгарияның «Лудогорец» клубымен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2023 | 10:14
Фото: ашық дереккөз

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу турнирінде «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Матчта хорватиялық клуб сапынан Махир Эмрели 24-минутта, Антонио Марин 89-минутта гол салды.

Бұған дейін, 25 шілдеде командалардың бірінші ойынында «Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен ұтылған еді.

Енді «Астана» UEFA Еуропа лигасы іріктеу турнирінің үшінші сатысында 10 және 17 тамызда Болгарияның «Лудогорец» командасымен кездеседі.

Бүгін Конференция лигасында Қостанайдың «Тобыл» клубы Швейцарияның «Базел» командасымен кездеседі. Командалардың бірінші матчтында «Тобыл» сырт алаңда қарсыласын 3:1 есебімен жеңген болатын. Бұл ойын кешкі сағат 19.50-де Qazsport арнасынан көрсетіледі.

Одан кейін осы арнадан сағат 21.50-де «Ақтөбе» мен Кутаисидің «Торпедо» жасақтарының матчы ұсынылады. Бұл ойын да Конференция лигасының аясында өтеді. Бірінші матчта «Ақтөбе» грузиялық команданы сырт алаңда 4:1 есебімен ұтқан еді. Енді ақтөбелік клубқа «Тобыл» екеуінің ірі есеппен жеңістің есебінен келесі айналымға шығуға тамаша мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге түнгі сағат 00.50-де Шымкенттің «Ордабасы» жасағының ойыншылары Польшада «Легия» командасымен күш сынасады. Варшавадағы матч та Qazsport арнасынан беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама