×

Қазақстанның 14 облысында 40 градусқа дейін ыстық болады

1 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жрияланды

 Халық үні 31.07.2023 | 21:57
ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 1 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Атырау, Жетісу, Ұлытау, Абай, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде 35-40°с қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама