×

Ұлытау облысында 2 мың гектар жер өртеніп жатыр

Елді мекенге қауіп-қатер жоқ

 Халық үні 30.07.2023 | 23:41
фото: ТЖД

Ұлытау облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД. 

Ведомство мәліметінше, 30 шілдеде Ұлытау облысы ТЖД кезекші қызметіне Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен.

Өрттің алдын ала аумағы 2000 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы құралымдар мен Ұлытау облысы ТЖД 42 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылуда. Елді мекенге қауіп-қатер жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама