×

Жетісу облысында қайғылы жағдай болды

Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды

 Халық үні 30.07.2023 | 20:54
фото: Halyq Uni

Жетісу облысында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті. 

Жол-көлік оқиғасы «Алматы-Өскемен» тас жолының 141 шақырымында болды. 29 жастағы Ауди көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Екі ер адам сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды. Оның барысында қажетті сараптамалар тағайындала отырып, өлімге әкелген ЖКО-ның барлық мән-жайы анықталады. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды, - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды. Есіңізде болсын, жол қозғалысы ережелерін елемеу, әдетте, қайғылы жағдайға әкеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама