×

Абай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ филиалының басшысы ұсталды

Күдікті Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды

 Дастан Жұмабекұлы 28.07.2023 | 18:18
фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады.

Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама