×

Қазақстан Парижде өтетін жазғы олимпиадаға ресми түрде шақырту алды

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

 Халық үні 28.07.2023 | 11:37
фото: olympics.com

Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық олимпиада комитеті ресми құжатты Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетіне жолдаған.

Париждегі олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Айта кетейік, 14 маусымда Қазақстан Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына алғашқы лицензиясын жеңіп алды.

Еске салайық, 2036 жылғы жазғы олимпиада ойындарды Ыстамбұл қаласында өткізу үшін Түркия үміткер елдер қатарына қосылды. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Қатар, Германия, Мексика, Венгрия, Египет, Үндістан мен Индонезия үміткерлер қатарына кірген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама