×

Ұлытау облысында 5 адам қайғылы жағдайда қаза тапты

 Жүргізуші мен 4 жолаушы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

 Халық үні 27.07.2023 | 23:57
Фото: baigenews.kz

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады polisia.kz.

27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция көлік жүргізушілеріне жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама