×

Астанада жолда автобус жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалды (ВИДЕО)

Ол демалыстан кейін екінші күн қатарынан жұмыс істеген

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2023 | 16:23
фото: Instagram

Бүгін сағат 10:20 шамасында Астанада Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік даңғылының қиылысында «Әлем» сауда орталығына бара жатқан автобустың жүргізушісі есінен айырылып, аялдаманың жанындағы бағанды соғып, жаяу адам жүретін жолға шығып кетті.

Оқиға болған жерге жедел жәрдем қызметі келіп, автобус жүргізушісін ауруханаға жеткізгенмен, ол есін жия алмай, қайтыс болды деген ақпарат шықты.

Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланған мәліметке қарағанда, жүргізуші жүрегі тоқтап қалып, қайтыс болған.

Жүргізуші 1961 жылы туған. Автобус паркінде 15 жылдан аса уақыт жұмыс істеген. Ол демалыстан кейін екінші күн қатарынан жұмысқа шыққан. Алдын ала болжам бойынша, оның жүреге тоқтап қалған. Бүгін сағат таңғы 05:54-те оған жұмыс істеуге рұқсат берілген, – делінген хабарламада.

Оқиғадан басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама