×

Алматыда 3,5 жыл бойы «жыр болған» бизнес орталығы сүріліп жатыр

Ақыры оны бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2023 | 13:13
фото: дереккөз

Алматыдағы Экспериментальная көшесінің солтүстігінде орналасқан төрт қабатты ғимарат – бизнес орталығы жоба сараптамасынсыз салынып, бекітілген бас жоспардан ауытқып кеткен.

Оны бұзу туралы талап арыз Бостандық аудандық сотына 2020 жылдың наурыз айында жіберіліпті. Бірақ апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы 3 жылдан аса уақытқа созылған.

2021 жылдың мамырында меншік иесінің жер учаскесін сатқаны анықталды.

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы келісімді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Сот мәмілені жарамсыз деп танып, бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды, - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.

Жоғарғы сот кассациялық шағымды қарағаннан кейін бұзу туралы шешім расталып, сот орындаушысы бұзу күнін белгіледі. Бірнеше жылдық сот талқылауынан кейін нысанды мәжбүрлеп бұзу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама