×

Риддердің жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді (ВИДЕО)

Үкімет тиісті қаулы қабылдады

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2023 | 09:13
Фото: ашық дереккөз

Үкімет өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. 

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. 

Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады. 

Еске сала кетсек, биыл 23 наурызда Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңы жарылысы пайда болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын қиратып, облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама