×

Екібастұзда өртенген газ құю бекетінен ер адамның денесі табылды

Қазір қаза тапқан жас жігіттің кім екенін анықталып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2023 | 16:47
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бүгін сағат 13.24-те  Екібастұз қаласындағы Қонаев көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар өртенген еді. Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр мен 20 шаршы метрді алып жатқан су мұнарасының шатыры өртенді.

Сағат 15.22-де цистернаның жанынан ер адамның денесі табылды. Қазір оның кім екенін анықталып жатыр.

Өрт 15.00-де оқшаулауланып, 15.44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – делінген хабарламада.

Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 метрден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама