×

Павлодар облысында 4 автогаз құю бекетінен өрт шықты (ВИДЕО)

Қазір тілсіз жау «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2023 | 15:32
Фото: ашық дереккөз

Екібастұз қаласында  Қонаев көшесінде орналасқан автогаз  құю бекетінен өрт шықты.

Қазір өрт бекетке жақын жердегі «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты.

Өрттің көрші ғимараттарға, жолдың арғы бетіндегі 100 метр қашықтықта орналасқан жер үйлерге ұласу қаупі бар. 

Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде. Өртті сөндіру жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама